ХIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Иранның зияткерлік өміріне тарихнамалық шолу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.09
        84 75

Аннотация

Мақалада ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты дереккөздерге талдау жасалған. Авторлар мақалада XIX ғасыр оқиғаларына тоқталып, Иран елінің саяси ахуалына түсініктеме береді. Осы саяси үдерістер нәтижесінде елде туындаған мәселелер мен оқиғаларға тоқталады.

Мақаланың негізгі бөлімі тақырып аясындағы дереккөздерді үш топқа бөліп қарастырады. Әртүрлі кезеңдерде жарық көрген еңбектерді зерделеп, дерекнамалық маңызына тоқталады. Әсіресе, құнды дереккөздер ретінде Иран тарихына арналған «ықылым заманнан бүгінгі күнге» дейінгі оқиғалар бедерін бейнелеген еңбектерге ерекше назар аударады.Келесі кезекте зерттеу жұмысы үшін құндылығы жағынан айырықша орын алатын дереккөздер ретінде Иран зерттеушілері еңбектері қарастырылады.

Мақалада дерккөздерге тарихнамалық салыстырмалы-салғастырмалы әдіс арқылы талдаулар жүргізіледі. Жұмыстың мақсаты зерттеу жұмысының библиографиялық базасын анықтау болып табылады.

Мақаланың ғылыми практикалық маңызы – болашақ ғылыми зерттеу жұмысының дерккөздік материалдарын анықтап, дерекнамалық маңызын ашу. Зерттеу жұмысында мақалада алынған қорытындыларды басшылыққа алып, болашақтағы жұмыс бағдарламасының жоспары құрылады және ол қорытындылар зерттеулер барысында толықтырылатын болады.

 Қорыта келе болашақта ғылыми зерттеу жұмысында бұл дереккөздердің дерекнамалық деңгейлеріне қарай зерделеніп, тарихи салыстырмалы талдаулар жүргізілетін болады.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Rakhimova, K., & Batyrkhan, B. (2022). ХIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Иранның зияткерлік өміріне тарихнамалық шолу. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 103(4), 89–95. https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v103.i4.09

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ