ҚЫТАЙ ТІЛІ ТАРАЛУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v102.i3.02Аннотация
Тіл – мәдениетаралық коммуникацияның басты құралы. Жаһандану кезінде түрлі өркениеттердің тоғысуы тіл арқылы жүзеге асып жатыр. Осыған орай әлемдік тіл, халықаралық тіл деген ұғымдар да пайда болды. Қытай да дамыған елдер қатарынан табылған Батыс елдері сияқты ұлттық тілін әлемдік тілге айналдыру мақсатында дүниежүзіне белсенді түрде таратуда. Бұл мақаланың басты мақсаты аспан асты елінің қытай тілін тарату саясатының жүргізілуін, тілді тарату жолдарын және нәтижесін анықтау. Зерттеу әдісі ретінде қытай тіліндегі дереккөздер мен қазақ, ағылшын тілдеріндегі материалдарды саралау, жіктеу және жүйелеу әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысының нәтижесі көрсеткендей, тілді тарату саясаты сыртқы тілдік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол жасырын және айқын түрде жүргізілуі мүмкін. Тілді таратудың негізгі жолы білім беру саласы, яғни білім беру ұйымдары мен мекемелері арқылы тарату. Тілді тарату саясатының сәтті іске асуы мемлекет бөлетін қаржы қорына тікелей байланысты. Экономикалық әлеуеті артқан ел өзінің ұлттық тілін дүниежүзіне тарату арқылы әлемдік сахнадағы ықпалын арттыруға талпынады. Өйткені тіл арқылы қарым-қатынас орнатып қана қоймай, оны өзгелерге меңгерту арқылы өзінің мәдениетінің ізін қалдырып, ұлттық бейнесін (имиджін) қалыптастыратын сыртқы саясаттың бір бөлігіне айналады.
Түйін сөздер: қытай тілі, тілдің таралуы, Конфуций институты, Бір белдеу, бір жол