Қытай қазақ тілдік байланыстарының тарихи негіздері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.012
        149 126

Аннотация

Мақалада қытай қазақ тілдерінің ғасырлар қойнауында қалыптасқан қарым-қатынасы тарихи лингвистикалық тұрғыда талданған. Лингвистикалық зерттеулер саласында әрбір халықтың тілін оның өткен тарихымен, олардың өздері жасаған қоғамдық-әлеуметтік ортасы, өзге ұлттармен өзара қарым-қатынасы сияқты факторлармен бірлестіре зерттеудің біздің тілдің даму тарихынан қажетті деректер алуымызға көптеген мүмкіндіктер беретін ең ұтымды жол екендігі қазіргі тіл ғылымында дәлелденіп отыр. Қазақ әдеби тілінің сөздік құрамын қазақтың байырғы сөздерін негіз ете отырып,  оларды  тарихи тұрғыдан көршілес қытай тілімен салыстыра зерттеу түркі тілдерінің өткен тарихын зерттеуге, сондай-ақ  қазақ тілі сөздік қорының тарихи негізін айқындауға ауқымды мүмкіндік берері хақ. Тілдер арасындағы қарым-қатынас көршілес  халықтардың  әрқилы тарихи даму кезеңдеріндегі өзара жаугершілік, саяси, экономикалық, мәдени қатынастарына байланысты екендігі белгілі.  

Әдетте, бір тілден екінші тілге, одан үшінші тілге ауысуға бейім тұратын тілдік бірліктің  сөздер екендігі белгілі. Ондай болса қазақ халқының   өз заманында шығыстағы тарихи көршісі қытай мен  арадағы әр алуан тарихи байланыстар нәтижесінде, бір қатар қытай сөздері көне түркі  тіліне енген болса, енді бір бөлім түркі сөздерінің көне қытай тіліне еніп орнығуы да заңды құбылыс.

Мақалада тіліміздегі көптеген  сөздердің төркінін табу,олардың күнгрттенген мәнін ащу  арқылы қазақ  халқының әр алуан дәуірлерде басқа халықтармен болған  қарым-қатынасын немесе өзінің ертеректегі жай-күйін, тыныс-тіршілігінен  толық мәлімет алудың мүмкіндіктері нақты фактілермен ашып көрсетіледі .

Жүктелулер

Как цитировать

Mustafauly, S. (2023). Қытай қазақ тілдік байланыстарының тарихи негіздері. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 104(1), 101–110. https://doi.org/10.26577/JOS.2023.v104.i1.012

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ