Қазақ ұлттық университетінің шығыс елдермен дипломатия қалыптастырудағы рөлі: Тәуелсіздік нәтижелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.01Аннотация
Бұл мақаланың мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту кезеңінде аса өзекті міндетке айналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар жүйесіне кадрлар даярлаудағы тәжірибесін зерделеу және бағалау. Бір ұлттың күшімен шешілмейтін өзекті жаһандық мәселелер, соның ішінде климаттың өзгеруі, індеттер, азық-түлік және су қауіпсіздігі сияқты мәселелер мен қауіптерді қоса алғанда, жаңа дипломатия мен жаңа тәсілдердің дамуы сөзсіз. Білім дипломатиясы ҚазҰУ-дың соңғы онжылдықтардағы халықаралық қызметін сипаттайтын ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу стратегияларына негізделген. Терең, әрі кең білімі мен сыни ойлау мен әрекет ету құралдарына ие адамдар ғана сыртқы әлемдегі күтілетін оқиғаларды және әлемдік қоғамдастық үшін күтпеген күйзелістерді болжау, кеңес беру және стратегияны әзірлей алады. Қазақ ұлттық университеті халықаралық мамандарды даярлауға жауапты болғандықтан, шығыстану факультетінің оқытушылары Қазақстан үшін аса өзекті Шығыс елдеріндегі халықаралық және аймақтық мәселелерге қатысты түлектердің хабардарлығы мен құзыреттілігін дамытады, мемлекеттік саясат, әлемдік саясат, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік пен экономика саласында нақты практикалық мысалдарды пайдаланады. Түйін сөздер: жоғары білім, дипломатиялық байланыстар, түлектер, ғылым, ынтымақтастық