Әбу Насыр Мүбашшир ат-Тарази өмірінің Ауғаныстандағы кезеңі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.11Аннотация
Мақалада Кеңестік дәуірде Коммунистік жүйенің тәртібіне қарсы тұрғаны үшін эмиграцияға кеткен Тараз қаласының тумасы, дін ғұламасы – Әбу Насыр Мүбашшир ат-Таразидің (1896-1977) Ауғаныстандағы 1930-1949 жылдар аралығындағы қоғамдық-саяси қызметі сараланады. Оқымыстының шаһ кеңсесіндегі аудармашылық-редакциялық, басшылық-әкімшілік, баспасөз және әдеби-шығармашылық саласындағы жұмыстары, қоғамдық белсенді күрескерлігі жайында мәліметтер беріледі. Оның Кеңестер Одағына қарсы немістермен бірлескен түркістандық эмиграттарды қарулы операцияға дайындыққа басшылық етуі, осы үшін тұтқындалып, Кабул түрмесінде 5 жыл, 1 ай, 3 күн қамауда отыруы сөз болады. Түрмеден босанғаннан кейінгі Мысырға қоныс аудару себебі көрсетіледі. Мақаладағы келтірілген деректерді Шығыс елдері тарихын, ұлт азаттық қозғалысы, ислами тарихын оқытуда пайдалануға болады.
Мақалада араб тіліндегі бұрын оқымыстының ҚР Орталық мемлекеттік архивіндегі жеке қорындағы айналымға енбеген тың материалдар мен ұлы Насрулла ат-Таразидің(1922-2002) жазбалары пайдаланылды. Араб тіліндегі қайнаркөздер түрік тіліндегі Абдулхамид Кочардың естелігімен, Ахад Андижан мен Әмин Йаримоғлу зерттеулерімен, сондай-ақ орыс тіліндегі барлау қызметі мәліметіне негізделген кітаптардағы деректермен салыстырылып, толықтырылды. Зерттеуде сипаттамалық, жүйелеу қағидаттары басшылыққа алынып, тарихи танымдық тәсілдері, жинақтау әдістері қолданылды.
Мүбашшир Ат-Тарази Ауғаныстанда қоғамдық орны бар қайраткер, беделді, тәуелсіздік пен азаттық жолындағы қозғалыс тарихында орны бар тұлға ретінде көрінді. Сол себепті оның өмірбаянын, тұлғалық-шығармашылық жолын кеңінен зерделеп, оқырманға жетпей жатқан деректерді ұсыну маңызды.