Жазбаша дереккөздердегі Ибрахим ибн Адхамның өмірбаяны туралы мәліметтер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.12
        73 148

Аннотация

Мақалада мұсылман әлемінде киелілікпен танымал болған алғашқы сопылардың бірі – Ибрахим ибн Адхамның өмірі туралы мәліметтер қарастырылған. Автор дереккөз негізінде әулиенің өмірін зерттеу мақсатын қойған. Ибрахим ибн Әдһамның өмірбаянына байланысты ақпарат өте аз. Араб тіліндегі дереккөздерде әулиенің қайтыс болған күні туралы мәліметтер кездеседі. Халық ақындары қолданған ауызша әңгімелер негізгі дереккөз болып табылады. Халық арасында қалыптасқан ауызша мәтіндер киссаларды жаратуға жақчы негіз болған. Түркі әлемінде әулие-шайхтар туралы еңбектер жазу сауабшылық деген түсінік қалыптасқан. Өз кезегінде, сенім "Кисса-и Ибрахим ибн Адхам" көптеген нұсқаларының пайда болуына ықпал етті. Әулие-шайхтар өз қызметінде ұстанған моральдық-этикалық нормаларды шығармаларда айқындауы – зерттелген дереккөздің құндылығы болып есептеледі. Жұмыс барысында анықталған қиссаның қазақ, ұйғыр және түрік версиялары, түркі тіліндегі агиографиялық шығармалар және олардың аудармалары осындай шығармалардың кең таралғанын көрсетеді. Мұндай мәтіндерге деген қызығушылық ХХ ғасырға дейін сақталды. Алматы қаласы кітапханаларының сирек қорларында зерттелетіп отырған дереккөздің литографиялық басылымдары сақталады. Жұмыс барысында анықталған дереккөздер салыстырмалы түрде зерттелді, танымал шығыстанушылардың суфизм мәселелері бойынша еңбектері тартылды. Жүргізілген зерттеу сопылық туралы дереккөз базасын кеңейтуге ықпал етеді, қол жеткізілген нәтижелерді тек шығыстанушылар ғана емес, сонымен қатар университет оқытушылары да қолдана алады.

Түйін сөздер: ислам, қолжазба, сопылар өмірбаяны, трактаттардың аудармалары, Орталық Азия.

Жүктелулер

Как цитировать

Molotova, G. (2021). Жазбаша дереккөздердегі Ибрахим ибн Адхамның өмірбаяны туралы мәліметтер. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 98(3), 120–128. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.12

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ