Алматы кітапхана қорларындағы Әлішер Науаидың қолжазбалары мен көне басылымдары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v100.i1.05Аннотация
Бүкіл түрік әлеміне ортақ ақын Мир Әлішер Науаидың еңбектерін зерттеу және бүгінгі қазақ оқырмандарына ұсыну маңызды тақырыптардың бірі. Мақаланың мақсаты ұзақ жылдар бойы арнайы зерттелмей, ғалымдардың назарынан тыс қалып келген Әлішер Науаидың Алматы кітапхана қорларында сақталған қолжазбалары мен сирек басылымдарымен таныстыру. Әлішер Науаи екі тілді әрі көп шығарма жазғандығымен ерекшеленеді. Бұл күнге шамамен отызға жуық еңбектері жеткен. Осы еңбектерінің біршамасымен қазақ оқырмандары таныс болса, оның біршамасымен әлі жақын таныс емес. Осы орайда ақынның еңбектерін тұпнұсқа мәтінді негізге ала отырып зерттеу мен түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне аудару керектігін байқаймыз. Әлішер Науаи көзі тірісінде-ақ үлкен танымалдыққа ие болған, ал оның еңбектері қолдан-қолға өтіп, жиі көшіріліп, көптеген нұсқалары ел арасына таралған. Осы себепті ақынның қолжазбаларын әлемнің ең танымал қолжазба қорларынан кездестіруге болады. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы мен Орталық ғылыми кітапханасы да бар. Мақалада Әлішер Науаидың осы кітапхана қорларындағы еңбектері жүйеге түсіріліп таныстырылады. Сондай-ақ еңбектеріне деректанулық және тілдік тұрғыдан талдау жасалады. Әлішер Науаидың әрбір қолжазбасы мен сирек басылымының өзіндік тарихы бар. Демек ақын мұраларының сақталуы, жазуы, мұқабасы, көшірушілері, тапсырыс берушілері мен қолжазбалардың иелері де қарастырылатын болады. Түйін сөздер: қолжазба, литография, шағатай әдебиеті, Әлішер Науаи, Хамса, Махбуб әлқұлуб, Ұлттық кітапхана, Орталық ғылыми кітапхана.