Еуразияшылдық: Идеологиядан саяси және экономикалық интеграцияға

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.05
        71 54

Аннотация

Еуразияшылдық идеясы XVIII ғасырдан басталған интеллектуалды ойдың жемісі. Географиялық және ұғымдық жағынан әр түрлі мағынада қолданылатын еуразияшылдық идеясы негізінен екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Славяншылдық қозғалыстың жалғасы ретінде XX ғасырдың басында Н.С. Трубецкой, Петр Савицкий және Георгий Вернадскийдердің кезеңін классикалық еуразияшылдық кезең деп атайды. Ал, жаңа еуразияшылдық деп анықталған екінші кезең болса, классикалық еуразиялықтардың қатарына кіретін Лев Гумилевтің ойлары аясында және Александр Дугиннің бастамасымен XX ғасырдың аяғында басталып, қатысты пікірталастар бүгін де жалғасуда. Интеллектуалды негізде батысқа қарсы қозғалыс ретінде пайда болған еуразияшылдық идеясы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін саяси және экономикалық өлшемдері бар жаңа күш орталығы ретінде қарастырылды. Бұл тұрғыда Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан (ТМД) кейін Мәскеу бастаған маңызды интеграциялық бастамалардың бірі – сөзсіз Еуразиялық экономикалық одақ. Бұл зерттеуде еуразияшылдық идеяның идеологиялық, саяси және экономикалық жақтардан бүгінгі аймақтық интеграциялық күштерге әсері зерттеледі. Түйін сөздер: Еуразия, Еуразияшылдық, Еуразиялық экономикалық одақ, интеграция, Ресей

Жүктелулер

Как цитировать

Suat, B. (2021). Еуразияшылдық: Идеологиядан саяси және экономикалық интеграцияға. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 97(2), 44–50. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.05

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ