Жапон тіліндегі «қол» соматизмімен қолданылған фразеологиялық бірліктердің лингвокогнитивтік семантикасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.04
        92 113

Аннотация

Бұл мақала жапон тілінің соматикалық фразеологиясына арналған. Соматикалық фразеологизмдер – адамның дене мүшелерінің атаулары құрамына енген фразеологиялық бірліктер. Мақалада жапон тіліндегі «қол» соматизмімен қолданылатын фразеологиялық бірліктердің лингвокогнитивтік семантикасы анықталады. Зерттеудің мақсаты фразеологизмдердің семантикалық құрылымын когнитивтік лингвистика тұрғысынан ашу болып табылады. Ол үшін алдымен лексикографиялық деректер негізінде жапон тіліндегі «қол» лексемасының дефинициялары талданып, семалары көрсетіледі. Зерттеудің келесі сатысында аталған фразеологизмдер мағынасының коннотативті компоненттері айқындалып, оларға фреймдік талдау жүргізіледі. Зерттеу барысында анықталған осы топтағы фразеологиялық бірліктер арқылы репрезентацияланатын адам өмірінің түрлі аспектілеріне қатысты фреймдер негізге алына отырып, берілген тұрақты тіркестердің фреймдік классификациясы жасалып көрсетіледі. Бұл фреймдік жіктелімге этностың ұлттық дүниетанымы призмасынан талдау жүргізіліп, әр фреймдік топтағы фразеологиялық бірліктерде көрініс тапқан жапон халқының өзіндік этнотанымдық ерекшеліктеріне қатысты ой-тұжырымдар түйінделіп, зерттеу нәтижелері ұсынылады. Жапон тілінің фразеологиялық бірліктерінің мән-мағынасы мен пайда болу уәждерін жан-жақты зерделеудің жапондықтардың шындық болмысты тану ерекшеліктерін, тұтас қоғамның қоршаған ортаға деген қатынасын айқындайтын қағидалары, көзқарастары мен сенімдері жүйесін тереңірек ұғыну үшін маңызы орасан зор. Түйін сөздер: жапон тілі, соматизм, фразеологиялық бірлік, семантика, фрейм.

Жүктелулер

Как цитировать

Tazabekova, G. (2021). Жапон тіліндегі «қол» соматизмімен қолданылған фразеологиялық бірліктердің лингвокогнитивтік семантикасы. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 97(2), 34–42. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.04

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ