Түрік қаламгері Х.Н. Атсыздың «Көкбөрілердің өлімі» романындағы түркі бірегейлігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.12Аннотация
Белгілі түрік қаламгері Хүсейін Нихаль Атсыз тарихи романдарды ХХ ғасырдың орта шенінде жаза бастады. Оның «Көкбөрілер» тарихи дилогиясы тарихтың терең қатпарларын нұрландырып, түрік социумының сана-сезіміне айтарлықтай ықпал етті. Түркілер құрған ұлы мемлекеттердің тұрақтылыққа ұмтылысы мен оның құдірет-күші тарихи деректер арқылы дәлелденіп, жоғары көркем стильмен беріледі. Х.Н.Атсыздың «Көкбөрілер» тарихи дилогиясының бірінші кітабы - «Көкбөрілердің өлімі» деп аталады. Романда суреттелген тарихи шындықтың сюжеттік желісі – Түркі қағанатының құрылуы, оның іштей жіктеліп екіге бөлінуі және осы мемлекеттің қытай династияларына қарсы кескілескен шайқас жүргізуі болып табылады. Қытай әскеріне қарсы айқастар шынайы және боямасыз суреттеледі. Аяусыз қырғында сәттілік біресе түркілер жағында болса, енді бірде олардың жауы қытайларға ауысып отырады. Автор күші жағынан басым қарсыласының табандылығы мен зұлымдығына қарамастан көне түркілердің ерлігін көркем түрде бейнелеп, олардың тек жер үшін ғана емес, сонымен қатар өздерінің түркілік бірегейлігін сақтап қалу жолындағы ұмтылысын да суреттейді.
Мақалада Хүсейін Нихаль Атсыздың «Көкбөрілердің өлімі» тарихи романындағы түркі бірегейлігі танымы мәселесінің нақты мәні қарастырылады.