Ежелгі түркі өркениетінің дәстүрлі қытай мәдениетіне әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.07
        137 268

Аннотация

Ежелгі түркі халықтары мекендеген біраз жерлер бүгінде Қытай Халық Республикасының аумағына жатады. Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырлар аралығында Орталық Азиядағы түркі тайпалары біртұтас мемлекет болу және мемлекет құру үшін күресу үшін бір-бірімен соғысқан. Атап өткен тарихи жағдайлар Қытайдың әулеттік шежірелерінде кеңінен таралды, саяхатшылар жазбалары мен мұсылман әлемінің тарихи түпнұсқаларында жазбаша дереккөздерге енгізіліп, қытай мен түркі халықтарының қарым-қатынасының дамуына алып келді. Қытай зерттеушілерінің ежелгі түркі халықтарының тарихын зерттеуінің ғылыми маңызы зор. Мысалы, әртүрлі дәуірде жазылған «жиырма төрт тарих» атты Қытайдың ресми хроникасында ежелгі түріктерге байланысты деректер қытай тілінен қазіргі қазақ тіліне аударылып, ғылыми қайта қаралды. Бұл түркі тарихымен тікелей байланысты бірегей дереккөздердің бірі. Түркі тілдес халықтарының батыс пен шығысты жалғастырып, қоян-қолтық қарым-қатынаста араласып жүргендері бұрынғы жылдардан бастап-ақ ғылым тарихында айқындалып келеді. Түркілерді Қытай шежіресінде ғұндардың ұрпақтары деп атап келген. «Түркі» сөзі тек түркітілдес көшпенділер арасында билеуші ақсүйектер отбасының өкілдеріне қатысты қолданылған. Кейінгі уақытта түріктердің есімі саяси мәнге ие болды және олардың қол астында болған басқа тайпалар атала бастады. Осы тұрғыда бұл мақалада ежелгі түркі тілінің тіл, әдебиет, музыка, би, тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар, дін салаларындағы дәстүрлі қытай мәдениетіне әсері қарастырылады. Түйін сөздер: түркі, Қытай, өркениет, дәстүр, мәдениет, ежелгі түркі өркениеті, дәстүрлі қытай мәдениеті.

Жүктелулер

Как цитировать

Massimkhanuly, D., & Abidenkyzy, A. (2021). Ежелгі түркі өркениетінің дәстүрлі қытай мәдениетіне әсері. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 97(2), 60–72. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.07

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ