Фразеологизмдер эмотивтілігінің жалпы және түркі тіл білімінде зерттелуі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.03
        91 86

Аннотация

 

          Мақала тілдегі эмотивтілік және лингвомәдени кеңістіктегі адам эмоциясын зерттеу мәселелеріне, соның ішінде фразеологизмдердің эмотивтілігін зерделеуге арналған. Автор эмотивті кодтар, адам сезімі және оны білдіру жолдары (тәсілдері) ұғымдарын қарастырып, эмотивтілікті зерттеудің жаңа бағыттағы тәсілдемелерін талдайды. Мақаланың негізгі мақсаты - сөздің эмоционалдық мазмұнының алуандығын сипаттап, қазіргі тіл білімінде және лингвомәдени аяда тілдің эмотивтік кодын зерделеудің маңызын түркі тілдері материалдары негізінде көрсету. Соған орай, нысан эмотивті фразеологиялық бірліктер болғандықтан, этно-мәдени экспрессивті мәнді компоненттермен келетін фразеологизмдер басты назарға алынған. Мақалада қазақ, әзербайжан және түрік тіліндегі фразеологиялық бірліктер және олардың эмотивтік, дискурстық, прагматикалық мәні салыстырылып, талданады. Сондай-ақ түркі тілдеріндегі эмосемаларды өзге де тілдердегі баламаларымен салғастыру әдісі де қолданылады. Жұмыс нәтижесінде қазақ тілінің және түркі тілдерінің эмотивті сөздері (фразеологизмдер) талданып, олардың сөз актісіндегі орны мен оны зерттеудің мәні ашылды.

Кілт сөздер: қазақ фразеологизмдері, түркі фразеологизмдері, фразеологиялық бірлік, фразеологизмнің эмотивтілігі, эмотивтілік.

Жүктелулер

Как цитировать

Ospanova, D. (2021). Фразеологизмдер эмотивтілігінің жалпы және түркі тіл білімінде зерттелуі. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 99(4), 25–33. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.03

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ