Байлақ әл-Қыпшақи – ортағасырлық тілші ғалым және асыл тастардың білгірі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.013
        98 120

Аннотация

Орта ғасырларда қыпшақтар мекендеген ұланғайыр жерлер «Дешті-Қыпшақ» (Қыпшақ даласы) деп аталғаны белгілі. Қыпшақтар солтүстік Кавказ бен Украина жерінде де өмір сүрді. ХІІ ғасырдың бірінші жартысында Грузин патшасы ІV Давидтің әскерінде 45 мыңға жуық қыпшақтар болған. Осы аталған елдердегі кейбір жер-су аттарының қыпшақша екені, жергілікті халық тілдерінде, әдет-ғұрпында да қыпшақ элеметтерінің кездесетіні осыдан. Олар өзара ауыс-түйіс, қатынас жасау үшін де қыпшақ тілін үйренуге, оның әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын жақсы білуге талпынды. Қыпшақтар сондай-ақ армяндар елінде де тұрды. Аталарымыз оларға сыртқы жауларымен күресуге көмектесті. Осы күндері Арменияда армян әрпімен, бірақ қыпшақ тілінде жазылған жазба ескерткіштердің табылуы осы айтылғанның дәлелі. Моңғол шапқыншылығына да бірінші болып қатты қарсылық көрсеткен қыпшақтар еді. Күші басым жауға қарсы тұра алмай, олар жеңіліске ұшырап, Таяу және Орта Шығыс елдеріне дейін шашырап кетті. Бірақ қайда жүрсе де, қыпшақтар өзгеге бас имеген, өзін де, қандастарын да сыйлауға мәжбүр еткен. Сондықтан да қыпшақ әміршілерімен араласып, ауыс-түйіс жасаған кейбір араб ғалымдары да өз шығармаларын қыпшақ тілінде жазған. Осылайша арабшақыпшақша, қыпшақша-арабша бірқатар тілашарлар мен оқу құралдары, сөздіктер дүниеге келді. Түйін сөздер: Байлақ әл-Қыпшақи, дереккөз, қышпақ тілі, қыпшақ жазуы, қолжазба, ортағасырлық ғылым.

Жүктелулер

Как цитировать

Derbisali А. (2021). Байлақ әл-Қыпшақи – ортағасырлық тілші ғалым және асыл тастардың білгірі. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 97(2), 125–141. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.013

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ