Америкалық корейлер: диаспоралық және этникалық сәйкестілік генезисі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2022.v100.i1.10Аннотация
Батыстық және отандық зерттеушілер этникалық сәйкестіліктің күрделі және көп аспектілі әлеуметтік құбылыс екенін мойындайды, ол жеке тұлғаның (топтың) белгілі бір этникалық ортақтыққа қатыстылығын сезінуімен, түсінуімен, бағалауымен және оған өз мүшелігін бастан кешіруімен сипатталады. АҚШ-тағы этникалық қатыстылық адамның қай нәсілге жататынына байланысты икемді және ерікті болуы мүмкін, не болмаса нақты және әлеуметтік және саяси факторларға таңылған нәрсе болуы мүмкін. Диаспоралық қауым моделі бейімделудің нақты топтық стратегиясы ретінде көрінеді. Алайда, әрбір этнос емес, ассимиляцияға төзімді этнос қана диаспора құруға қабілетті. Корей тектес америкалықтар үшін этникалық тиесілік сезімі ассимиляцияға кедергі келтіретін маңызды фактор болып табылады. Этникалық белгі – диаспораның ең маңызды сипаттамасы. Америкадағы корей диаспорасы жақында бірінші, бір жарым және одан аз дәрежеде екінші ұрпаққа жататын иммигранттар болып табылады. Диаспорада этникалық біртектілік қатаң тіркелген қан және мәдени байланыстарда көрінеді. Бұл таңдау нәтижесі емес, туудан алдын ала анықталған тұрақты. Корейлердің этникалық сәйкестілігін қалыптастырудың маңызды әлеуметтік институты отбасы болғанымен, диаспоралық сәйкестілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын негізгі әлеуметтік институт корей христиан миссиялары болып табылады деп келіспеуге болмайды. Бүгінде корей тектес америкалықтар қоғамдастығы диаспоралану үдерісінде және «жаңа» немесе «қазіргі» диаспорасының қасиеттерін көрсетеді. Түйін сөздер: АҚШ-тағы корей диаспорасы, корей тектес америкалықтар, диаспора, этникалық сәйкестілік, диаспоралық сәйкестілік.