Public diplomacy and overseas Koreans

Authors

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.06

Abstract

 Соңғы жылдары Оңтүстік Кореяда әлем елдерінің сыртқы саясатында дәстүрлі дипломатиямен қатар кеңінен қолданылатын қоғамдық дипломатия белсенді дамуда. 2016 жылы қабылданған Қоғамдық дипломатия туралы заң оның заңды негізі болып табылады. Қазіргі уақытта Корея Республикасының қоғамдық дипломатиясы саяси және экономикалық дипломатиямен қатар елдің сыртқы саясатындағы "ақылды күштің" негізі болып табылатын "корей дипломатиясының үш тірегін" құрайды.

Бұл мақалада Оңтүстік Кореяның қоғамдық дипломатиясының жүзеге асырылуы зерттеліп, шетелдік корей диаспорасының рөлі мен орнына ерекше назар аударылады. 2017-2021 жылдарға арналған Қоғамдық дипломатия концепциясы мен 2018, 2019, 2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарлар сияқты ресми құжаттарды талдау Корея Республикасының қоғамдық дипломатиясының негізінен мәдениет, білім және саясат секілді үш бағыт шеңберінде жүргізілетіндігін және оның  елдің имиджін көтеруге, Корея туралы ақпаратты таратуға, сондай- ақ  Корей түбегін біріктіру мәселесіне назар аударуға бағытталғанын көрсетеді.

Жергілікті атқарушы органдармен және жеке сектормен ынтымақтастықта ресми дипломатияны қоғамдық дипломатиямен қатар қолдануда мемлекет негізгі актор болып табылады. Ресми түрде шетелде тұратын оңтүстік корейлер және шет ел азаматтығы бар корейлер болып бөлінетін корей диаспорасы екі рөл атқарады: бірінші жағдайда – акторлар, екінші жағдайда – қоғамдық дипломатияның мақсатты аудиториясы.

Түйін сөздер: диаспора, қоғамдық дипломатия, ақылды күш,  сыртқы саясат, заң, концепция

Downloads

Published

2021-12-13

Issue

Section

POLITICS AND INTERNATIONAL RELATIONS OF ASIAN AND AFRICAN COUNTRIES