Орталық Азия аймағын дамытудың стратегиялық басымдықтарының ерекшелігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.06Аннотация
Қазіргі әлемдік экономикалық дамудың басты ерекшелігі – саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларды қамтитын және өзгертетін жаһандық өзара тәуелділік. Зерттеудің өзектілігі әлемдік экономикада болып жатқан трансформация үрдісі барысында Орталық Азия аймағы елдерінің рөлі мен орнын анықтау. Осыған байланысты мақаланың мақсаты – институционалды жаһандану, халықаралық экономикалық өзара іс-қимылды институционалдық қолдау, әлемдік экономика дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын халықаралық қаржы институттары аясындағы ынтымақтастық жағдайында әлемдік экономиканың өзгеру процесін талдау; Орталық Азияның дамуы барысындағы стратегиялық басымдықтарын негіздеу. Бұл мәселені зерттеудің жетекші әдісі – жаһандану жағдайында Орталық Азияның дамуының стратегиялық басымдықтарын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беретін талдау әдісі. Мақалада еркін сауданың артықшылықтарын жүзеге асырудағы кедергілер анықталған, халықаралық экономикалық қатынастардағы институционалды өзгерістердің факторлары көрсетілген. Мақала материалдары Орталық Азияның халықаралық бәсекеге қабілеттілік перспективаларын әрі қарай зерттеу үшін практикалық маңызы бар. Орталық Азияның халықаралық бәсекеге қабілеттілігі өзінің интеллектуалды негізінде әлемдік нарықтың инновациялық сегменттеріндегі ең жаңа ғылыми және технологиялық шешімдерді шығарумен дами алады және ұлттың өмір сүруіне тиісті жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.
Түйін сөздер: экономика, халықаралық қатынастар, жаһандану, даму, әлемдік саясат.