Зейнетақы реформасы және тұрғын үй мәселелерінің шешу жолдары: Сингапур және Қазақстан

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.06
        92 80

Аннотация

Осы мақалада Сингапурдағы мемлекеттік басқару мәселесінің кейбір теориялық тұжырымдамалық аспектілері қарастырылған. Экономикалық дамуының әртүрлі кезеңдерінде Сингапур үкіметі әртүрлі тұрғын үй мәселелеріне тап болды. 1960 жылдары тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу үшін жер және тұрғын үймен қамтамасыз етудің және қаржыландырудың кешенді жүйесі құрылды. Бұл мақалада зейнетақы және тұрғын үй жүйелерін реформалаудың негізгі тіректері талданады, атап айтқанда, зейнетақыны шешудің ережелері, халықты әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, Сингапурдағы Орталық Сақтандыру Қорының (Central Provident Fund Board) маңызы мен қажеттілігі, этникалық интеграция саясаты және жалдау схемасы сияқты мәселелер айқындалды. Бұл мақалада ұсынылған саясаттың негізгі өзгерістері бағаланып, тұрғын үй нарығын реформалау бойынша ұсыныстар берілді. Сингапур экономикасының ұзақ уақытқа созылған эволюциясы өткен кезеңмен салыстыра талданды, біз қазіргі жағдайды талдаумен қатар, болашаққа арналған болжамдар мен саяси ұсыныстар беруге тырыстық. Сонымен қатар, бұл мақалада біз Сингапур мен Қазақстандағы зейнетақы және тұрғын үй саясатын реформалаудағы негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып, Сингапур тәжірибесінің Қазақстан үшін практикалық құндылығы мен маңызы зерттелді. Түйін сөздер: Сингапур, мемлекет, мемлекеттік басқару, зейнетақы және тұрғын үй жүйелерін реформалау, әлеуметтік тұрғын үй.

Жүктелулер

Как цитировать

Akylbay А., & Arzykulov, A. (2021). Зейнетақы реформасы және тұрғын үй мәселелерінің шешу жолдары: Сингапур және Қазақстан. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 96(1), 51–57. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.06

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ