Джахангир Қожа режимінің Қашқардағы құлау себептері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.05
        79 63

Аннотация

Джахангир Қожаның Қашқар аймағындағы көтерілісінің сәтсіздігі – Шығыс Түркістанның отаршылдық тарихындағы ең даулы тақырыптардың бірі. Ким мен Миллворд өз зерттеулерінде осы оқиғаның әскери, саяси және экономикалық перспективаларын көрсетеді. Кроссли Қашқарда исламдық режимді орнатудағы көшбасшылық рөлін зерттеуге тырысқан. Дегенмен оның зерттеу жұмыстары мен мақалаларында алғашқы дереккөздерден алынған маңызды дәлелдер мен дәйектер кездеспейді. Бұл мақаланың мақсаты – Джахангир Қожаның көтерілісін Цинь империясы, Қоқан хандығы мен Қашқар мемлекеті арасындағы халықаралық қатынастар тұрғысынан зерттеуге жаңа көзқарас құру және алдыңғы теорияларды бір парадигма шеңберінде біріктіру, сонымен қатар бүгінгі күнге дейінгі зерттеулердің әдістемелік құрылымдарын қайта қарау. Сонымен қатар мақалада Қашқардағы ислам режимінің құлауы Мадали Хан мен Джахангир арасындағы сенімсіздіктің, Қытай билігінің қайта зерделенген әскери стратегиясының және Джахангирдің билігіне жергілікті билердің ықпалының нәтижесі болғандығын түсіндіруге тырысады. Бұл эссе орыс және парсы тіліндегі этнографиялық күнделіктерді, саяси оқиғаларды және қосымша дереккөздерді синтездеуге негізделген. Жалпы, бұл мақала Орталық Азиядағы отаршылдыққа қарсы қозғалыстардың діни тарихын зерттеуге өз үлесін қосады деген сенімдеміз. Түйін сөздер: Қожалар көтерілісі, Цинь династиясы, отаршылдыққа қарсы қозғалыстар, Қашқардағы исламдық режим, Қоқан хандығы.

Жүктелулер

Как цитировать

Saduakassov, A., & Zhumadilova, G. (2021). Джахангир Қожа режимінің Қашқардағы құлау себептері. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 96(1), 41–50. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.05

Шығарылым

Бөлім

АЗИЯ МЕН АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ