Мұстафа Кемал Ататүрік дәуіріндегі түрік тілі зерттеулері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.02
        118 86

Аннотация

Мұстафа Кемал Ататүрік Анадолы түріктерінің мәдениеті мен тарихының зерттепзерделенуімен қоса түрік тілінің заманауи тұрғыда дамуына үлкен мән берген. Ол Анадолы халқының ана тілі – түрік тілін өзіне тән мәдени астары мол, тарихи тамыры тереңде жатқан тіл деп таныған. Ататүрік, республика жариялана сала елдің болашағын «түрік», «мәдениет», «тіл» сияқты ұғымдармен тығыз байланыста қараған, осы бағытта аянбай еңбек етіп тер төгіп жүрген ғалымдарға қолдау көрсеткен. Бұған қоса тілге байланысты қандай да бір іс-әрекеттер бұйрық пен директиваларға бағына бермейтіндігін жақсы түсініп, аса күрделі де нәзік сала екендігін қаперде ұстаған. Түрік халқының мәдени жаңғыруы мен тілдік тұрғыда дамуының уақыт еншісінде екендігін де сезген. Ататүрік, түрік тілінің дамуы мен заманауи бағытта жаңғыруы тұрғысында мынандай атаулы шешімдер қабылдаған: Түркітану институтын құру; Жаңа түрік алфавитін қабылдау; Түрік тілін дамыту қоғамын құру, Түрік тілі құрылтайының тұрақты түрде өткізілуін қамтамасыз ету, «Күн тіл теориясын» насихаттау туралы; Тіл, тарих-география факультетін (институтын) құру туралы; Түрік тілі терминология комитетін құру туралы шешімдер қабылданды. Түйін сөздер: Мұстафа Кемал Ататүрік, түрік тілі, түрік тілін жаңғырту концепциясы.

Жүктелулер

Как цитировать

Kabadayi, O. (2021). Мұстафа Кемал Ататүрік дәуіріндегі түрік тілі зерттеулері. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 96(1), 11–19. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.02

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ