Әл-Фарабидың «Усул ъилм ат-Табиъа» атты трактаты мәтініндегі Құран аяттарына талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v96.i1.01Аннотация
Бұл зерттеу ҚР БжҒМ-ның AP08857715 «Әл-Фараби трактаттарындағы теолингвистикалық дискурс («Усул ъилм ат-табиъа», «Китабул-Ахлақ» және «Китабул-Хуруф» еңбектері негізінде)» атты жоба аясында даярланды. Әл-Фарабидың «Мақалаат ар-Рафииъа фии усул ъилм аттабииъа» (Табиғат ғылымының негіздері жайлы жоғары мақалалар кітабы) атты трактатының біздің зерттеуіміз бойынша қазіргі кезде үш нұсқасы бар. Бұл трактат 1951 жылы түркиялық зерттеуші Айдын Сайылы (Aydın SAYILI) мен Нежати Лугал (Necati LUGAL) тарапынан түрік тіліне аударылған. Ал 1978 жылы қазақ тіліне аударылғандығы туралы мәлімет берілсе де күні бүгінге дейін бұл трактаттың қазақша аудармасы ғылыми айналымда жоқ. Әл-Фараби бұл трактатында өзінің негізгі ой-тұжырымдарын Құран және хадис мәтіндерімен дәйектеп, түп төркіні «Адамды» тануға бағыттайды. Осылайша «ақыл», «рух» және «нәпсі» ұғымдарын жеке-жеке талдап түсіндіреді. Мысалы, «Ақыл» жайында сөз еткенде алдымен ақылдың нұрдан, ал нұрдың жаратушы Иеден бастау алатындығын алға тартады. Өз пікірін қуаттау үшін Құран аятын келтіреді. Осы сияқты «Рух» және «Нәпсі» ұғымдарын түсіндіру кезінде де діни мәтіндер, яғни аят-хадистер сабақтастырылып, негізгі ой-тұжырымдармен мазмұндасып жатады. Бұл мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидың «Усул ъилм ат-табиъа» атты трактаты мәтіні ішіндегі қасиетті Құран аяттары топтастырылып, олардың қазақша аудармалары, қолданылу дәйектемелері талдауға түседі. Түйін сөздер: әл-Фараби, қолжазба, Мақалаат әр-Раииъа, түпнұсқа мәтін, аударма, Құран аяттары