ҚХР-да «сяокан қоғамын» құрудың тарихи мәні мен қазіргі жағдайы

Авторлар

  • M.B. Assyl Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5409-2906
  • D.B. Dauyen Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-8972-7158

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.11
        86 101

Аннотация

1979 жылы Дэн Сяопин алғаш рет «сяокан» тұжырымдамасын ұсынғаннан бері, «сяокан (орта дәулетті) қоғамын құру» Қытай басшыларының модернизация мен реформаларды жүзеге асырудың негізгі мақсатына айналды. 2021 жыл Қытай Халық Республикасының тарихында «сяокан қоғамын құру» жолындағы ерекше жыл болмақ. Бұл жыл Коммунистік партияның құрылғанына 100-жылдық мерейтойы мен «сяокан қоғамын» құруды аяқтаудың, Қытайдың кедейшілікті түбегейлі жеңудің жылы деп есептелмек. Мақалада Қытайдың соңғы 40 жыл бойғы дамуының негізгі мақсаты деп айқандалған «сяокан қоғамын құру» концептінің қалыптасуының теориялық аспектісі және практикалық қолданысы қарастырылады. Концепттің қалыптасу тарихына шолу жасау арқылы «сяокан» ұғымының Қытайдың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясындағы орны мен рөлі сарапталады. «Жан-жақты сяокан» қоғамын құру ҚКП ОК-нің жұмысының негізгі бағыты және Қытайдың социалистік модернизация үрдісіндегі маңызды  кезеңі деп саналғандықтан, «сяокан» терминінің мәнін зерттеу аса өзекті. «Сяокан» ұғымы партия саясатының жүргізілу бағытына қарай «жалпы сяокан қоғамы», «жан-жақты сяокан қоғамын құру» және «жан-жақты сяокан қоғамын құруды аяқтау» деген үш кезеңдік трансформациядан өтті. Мемлекетті осы бағытпен дамыту Қытайға үлкен нәтижелер алып келді және болашақ даму стратегиясын айқындауға негіз болды. Қытай «сяокан қоғамын» құру арқылы байлық пен қуатқа ие бола отырып, өзінің әлемдік көшбасшылыққа деген ұмтылысын білдіруде. Тіпті COVID-19 пандемиясы да Қытайды алған бағытынан тайдырмай, ҚКП уәдесін мерзіміне сай орындайтындығын мәлімдеді. 

Автордың биографиясы

D.B. Dauyen, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Шығыстану факультеті, декан

Жүктелулер

Как цитировать

Assyl, M., & Dauyen, D. (2021). ҚХР-да «сяокан қоғамын» құрудың тарихи мәні мен қазіргі жағдайы. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 98(3), 112–119. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v98.i3.11

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ