Ерте тимуридтік тарихнамадағы Қазақстан тарихы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.012
        105 156

Аннотация

Мақалада «Зафар-наме», «Шамс ал-хусн» және «Мунтахаб ат-таварих-и Му‘ини» сияқты ерте тимуридтік тарихнама шығармалары қарастырылады. «Зафар-наме» тимуридтік тарихнаманың қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Темір әулеті мемлекетінің құрылу тарихы туралы ресми еңбек жазылды. Ходжа Тадж ад-Дин  Салманидің «Шамс ал-хусн» тарихи шығармасы негізінен оның жеке бақылаулары негізінде жазылған. Автор сарай хатшысы және Ұлықбектің нөкерлерінің бірі ретінде өзі сипаттаған көптеген оқиғалардың куәгері және қатысушысы болған. «Мунтахаб ат-таварих-и Му‘ини» ұлыстар, түркі және моңғол әскери құрылымы туралы көптеген мәліметтерді қамтиды. Шығарма авторы моңғол және түркі терминдерін қолданылуы  туралы түпнұсқалық мәліметтер келтіреді.

Парсы тілінде жазылған Низам ад-Дин  Шами, Ходжа Тадж ад-Дин  Салмани және Му‛ин ад-Дин  Натанзи тарихи шығармалары XIII – XV ғ. басы аралығындағы Қазақстан тарихы бойынша маңызды дерек көздері болып табылады. Өйткені, Шыңғысхан әулеті мен Темір әулеті арасындағы саяси, экономикалық және туыстық байланыстар тимуридтік тарихшылар тарапынан Дешті-Қыпшақ пен Шыңғысхан әулетін сипаттауға ерекше қызығушылық  тудырған. Тимуридтік тарихнамашылардың  тарихи еңбектерінде осы күнге дейін сақталмаған жазбаша дереккөздерден алынған мәліметтер келтірілген. Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті тарапынан қаржыландыратын ғылыми жоба аясында даярланған (Грант № AP08856086).

Түйін сөздер: Қазақстан тарихы, Темір әулеті тарихнамасы, Низам ад-Дин  Шами, Тадж ад-Дин  Салмани, Му‛ин ад-Дин  Натанзи.

Жүктелулер

Как цитировать

Tulibayeva, Z., & Tulibayev Т. (2021). Ерте тимуридтік тарихнамадағы Қазақстан тарихы. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 97(2), 116–124. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.012

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ