Шағатай тілінде жазылған Темірнаманың тілдік ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.03Аннотация
Мақалада араб әріптерімен жазылған Темірнаманың тілдік ерекшеліктері қарастырылады. Шағатайша – 15 - ғасырдың басынан 20 - ғасырға дейін Орта Азияда Каспий теңізінің шығысында өмір сүрген барлық түркі халықтары тарапынан қолданылған әдеби тіл. Осы әдеби тілмен жазылған көптеген шығармалар зерттелінбей қалыс қалып кетті. Олардың бірі – “Ās̱ār-ı Dāstān-ı Emı̇r Temür Köregen” атты қолжазба. Бұл шығарма Алматы қаласы Ғылым Ордасының қолжазбалар бөлімінің 367-нөмірінде тіркеулі тұр. Қолжазба мұқабасы қалың былғарыдан жасалған және жақсы сақталған. Мәтін өлшемі 15,7 х 25,8 см., 96 парақтан тұрады (192 бет) және әр парақта 17 жол бар. Талик жазу түрімен жазылған бұл мәтінде бірнеше сөзді қоспағанда харекет қолданылмаған. Еңбектің бет нөмірлері көрсетілмеген. Мәтіннің аты бірінші парақтың басында қызыл сиямен жазылған. Жазылған оқиғалар бір-бірінен қызыл сиядағы кішкентай тақырыптармен бөлінген.
Әмір Темірдің өмірін әңгіме түрінде баяндайтын бұл шығарманың авторы / аудармашысы немесе жазушысы туралы нақты ақпарат жоқ. Сипатталған оқиғалардың көпшілігі тарихи дәлелдерге негізделген “Зафер-наме”, “Acâibü’l-makdur fî nevâibi Timur” сияқты шығармалардан ерекшелегі бұл қарастырған шығармада оқиғалар ертегі түрінде баяндалып келеді.
Орфографиялық және тілдік ерекшеліктеріне қарайтын болсақ, шығарма кейінгі классикалық шағатай тілінде жазылғаны белгілі болды. Бұл жұмыста “Ās̱ār-ı Dāstān-ı Emı̇r Temür Köregen” атты қолжазба мәтінінің жалпы тілдік ерекшеліктері мен қоса басқа да Әмір Темір туралы жазылған қолжазбалар қарастырылады.
Түйін сөздер: түркітану, тіл білімі, шағатай тілі, Әмір Темір, Темірнама.