Иран мәдениетіндегі фирузе тасының символдық мәні

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.08
        207 154

Аннотация

Осы мақала Иран мәдениетіндегі фирузе тасының символикалық мәнін экстралингвистикалық материалдардың көмегімен анықтауға арналған. Бүгінде асыл тастар қарапайым қазба байлығы ғана емес, себебі олар белгілі бір мәдениеттің жанды элементі ретінде кешенді зерттеу жұмысының басты нысанына айнала алады. Бұл тақырыптың ирантану саласында аз зерттелуі өз кезегінде зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды. Зерттеу жұмысы пәнаралық сипатымен ерекшеленеді, лингвомәдени және этимологиялық талдау мен интерпретациялау әдісіне сүйене отырып жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін шығыстанушылар, ирантанушылар мен лингвистер лингвомәдени талдау жүргізу барысында қолдана алады. Мақалада авторлар фирузе тасының Иран мәдениетінде ерекше орынға ие болуы осы бағалы тастың табиғи минерал ретінде құнды болуымен қатар, оның түсінің ирандықтардың архетиптік наным-сенімдерімен байланысты екендігін ашады. Сонымен қатар, фирузе тасының діни дискурста ерекше құрметке ие болуы және емдік шараларда кеңінен қолданылуы бұл тастың мәртебесін арттыра түсті. Ал, парсы ақындарының әдеби мәтіндерінде теңеу мен метафора ретінде кездесетін фирузе тасынының көрінісін талдау шығыс ақындарының поэзиясын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: Иран, мәдениет, символ, фирузе, көгілдір түс, асыл тастар.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhetpisbayeva, K., & Zhubatova, B. (2021). Иран мәдениетіндегі фирузе тасының символдық мәні. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 97(2), 73–81. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.08

Шығарылым

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ