Си Цзиньпин билігінің доктринасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v97.i2.011Аннотация
Қазіргі заманғы Қытайдың дамуын, экономикалық қуатының артуын және оның халықаралық аренадағы әсерінің күшеюін ҚКП-ның жетекшілігінен бөле қарауға болмайды. Си Цзиньпиннің билікке келуі белгілі бір дәрежеде «жаңа дәуірдің» басталғанын білдіреді. Си Цзиньпин «реформаны жан-жақты тереңдету және жеделдету» ұранымен басшылыққа келді. ҚХР Мемлекеттік жүйесінің тұжырымдамалары туралы Конституциялық кіріспеде Мао Цзэдун мен Дэн Сяопиннің қосқан үлесінің жанына Си Цзиньпиннің “басқарушы идеялары” туралы сөз қосылды. Мақалада Си Цзиньпин көшбасшылығындағы ҚКП-ның билік доктринасының қалыптасу эволюциясы және басты концепциялары мен принциптері туралы айтылады. «Жаңа дәуірдегі қытай ерекшелігі бар социализм» теориясы мен Си Цзиньпин идеясының негізгі аспектілеріне талдау жасалып, ҚХР-дың социализм мен инновациялық жолды және классикалық марксизмдік идеологиясының жаңа ерекшеліктеріне анализ жасалады. Сонымен қатар ҚХРдың әлемдік үдеріске ықпал ететін идеологиялық және экономикалық мега жобаларды жүзеге асыру арқылы «Қытай ұлтының ұлы жаңғыруы» мен «Қытай арманын» іске асыру жолындағы стратегиялық ішкі және сыртқы саясаттары пайымдалады. Бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан мақаланың басты мақсаты Си Цзиньпин билігі доктринасын жан-жақты ашып көрсету. Түйін сөздер: Си Цзиньпин, ҚКП XIX съезі, Жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшеліктегі социализмі, ұлы жаңғыру, Қытай арманы.