ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМДАРДЫ ЖІКТЕУІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v94.i3.14Аннотация
Автор әл-Фарабидің араб тіліндегі «Ихсау әл-Улуум» (ғылымдардың жіктелуі) трактаты негізінде ғалымның ғылымдарды жіктеуіне түсіндірме береді. Ғылым арқылы қол жеткізетін пайдалы нәрсенің бірі – мәлімет, екіншісі – мәлімет һәм практикалық қызмет. Сол себепті философия өнері де екі түрге бөлінеді: «фәлсәфату ән-назария» (теориялық философия) және «фәлсәфату әл-амалия» (практикалық немесе саяси философия). Теориялық философияның зерттеу және зерделеу нысаны Құдай, космос, ақыл, аспан денелері, табиғи болмыстар, объектілер, өсімдіктер мен жануарлар әлемі мен адамдар, сан және пішіндер мен олардың көлемдері сияқты т.б. Практикалық философияның ерекшелігі, философияның бірінші түріне қарағанда әлі белгісіз және адамның қалауы мен еркіне сәйкес зерттеу нысанасына айналған дүниелерді зерделейді. Әл-Фарабише философия мен «діни ілімнің» екеуі де белгілі бір заттарды қамтиды, екеуі де түпкі принциптерді, өмірдегі заттардың бастамаларын ұсынады, бұлар өмірдегі заттардың алғашқы бастамалары мен алғашқы себептері жөнінде білім береді, адамның өмірдегі түпкі мақсатын, атап айтқанда ең жоғары бақыт пен түпкі мақсатқа қалай жететінін түсіндіреді. Мақалада әл-Фарабидің өз заманындағы әлеуметтік-діни құқықты (фиқһ) және кәләмды философия ғылымдарына жақындатуға күш салғаны айтылады. Автор ортағасыр ойшылының философиялық ғылымдардың қатарына қойған фиқһ пен кәләм ілімі, уахиға негізделген ғылым. Бұл да әл-Фарабидің пайдаланған жаңа әдістерінің бірі екенін алға тартады. Түйін сөздер: әл-Фараби, араб-мұсылман ойшылдары, грек философтары, ғылым, білім, өнер, философия, азаматтық саясат, физика, метафизика, ғылымдардың жіктелуі.