ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «ӘЛ-МАУЪИЗА» («УАҒЫЗ») ТРАКТАТЫНЫҢ ҚОЛЖАЗБА НҰСҚАЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v94.i3.09
        75 52

Аннотация

Мақала Отырар ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің әлем мұрағаттарында түрлі атаумен нұсқалары сақталып, ғылымға бірнеше атпен танылған «әл-Мауъиза» (Уағыз) атты трактатына арналады. Ғылым тарихында алғаш рет ортағасырлық ғалым ибн Маскуиһтің (929-1030) «әлХикмату-л халида» еңбегі арқылы «Калам Әби Наср әл-Фараби фи Уасайа...» болып танылып, кейін XVII ғасырдың басында османлы тарихшысы Кәтиб Челебидің (Хаджи Халифа) (1609-1657) библиографиялық сипаттағы «Кашф аз-зунун ъан асами әл-кутуб уа-л фунун» шығармасына «Жауамиъу-с сиасати» болып еніп, бертін келе, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ойшыл мұрасын жүйелі түрде зерттеуді қолға алған ғалымдардың зерттеулері негізінде бірнеше атпен ғылыми айналымға енген Әбу Насыр әл-Фарабидің «әл-Мауъиза» атты жазба мұрасының жарияланбаған бір нұсқасы Каир қаласындағы «Араб қолжазбалары институты» дерекқорынан табылып отыр. Сондай-ақ, мақалада ҚР Тұңғыш Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мәдени Мұра», «Халық – тарих толқынында», «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламалары аясында жүргізілген кешенді зерттеулердің шет мемлекеттердің кітапхана қорлары мен мұрағаттарындағы Орта Азия мен Қазақстан тарихына қатысты құнды жәдігерлерді, ғұламаойшылдардың жазба мұраларын елге оралтуға зор мүмкіндік екені айтылады. Түйін сөздер: әл-Фараби мұрасы, деректану, дереккөздер, қолжазба нұсқалар, зерттелуі, ғылыми айналымға енуі.

Жүктелулер

Как цитировать

Khavan, A. (2020). ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «ӘЛ-МАУЪИЗА» («УАҒЫЗ») ТРАКТАТЫНЫҢ ҚОЛЖАЗБА НҰСҚАЛАРЫ. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 94(3), 70–77. https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v94.i3.09

Шығарылым

Бөлім

SPECIAL ISSUE