Қазіргі кездегі Палестина әдебиетіндегі ұлттық бірегейліктің көріністері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.14Аннотация
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Палестина елеулі саяси, әлеуметтік және әдеби өзгерістерге тап болды. Жазушылар қазіргі тарихи оқиғалар мен жағдайларды түсіріп, бейнелей алатын, сонымен бірге өзгеріске қарай жылжуға септігін тигізетін әдеби шығарманың жаңа түрінің қажеттілігін сезінді. Әдебиет ұлт көңіл-күйінің өзіндік барометріне айналды. Жаңа ғасырдың басталуымен және елдегі саяси жағдайдың өзгеруімен Палестина ұлттық бірегейлігі өзгеріп, өткір саяси түсін жоғалтуда, бұл әдебиетте де көрініс табады. Жазушылардың ойлары тек ұлттық тәуелсіздік, саяси еркіндік туралы идеялар ғана емес, олар экономикалық өмір: байлық пен кедейлік, еңбек нарығы, тұтынушылар құқығын қорғау, сонымен қатар әйелдердің бостандығы, саяси және идеологиялық қайшылықтар сияқты тақырыптарға жол ашады. Мақалада «бірегейлік», «ұлттық бірегейлік» секілді түсініктердің негізгі мағыналары мен олардың Зияд Хаддаш, Жәмәл Қауасми, Ибтисам Азим секілді палестиналық жазушылардың жаңа буынының шығармашылығында, палестиналық әдебиеттің классигі Махмуд Дәруіштің « في حضرة الغياب » («Жоқтықтың барында») деген шығармасындағы Палестина-Израиль қақтығысының мәнмәтініндегі көрінісі қарастырылады. Көрсетілген жазушылардың прозалық шығармаларының дискурсында ұлттық бірегейліктің әлеуметтік аспектілері қарастырылған. Түйін сөздер: ұлттық бірегейлік, Палестина, Израиль, жас буын, жаңа тақырып, адалау, отан.