Диуани Хикметтің морфонологиялық сипаты (Көкшетау нұсқасының негізінде)

Авторлар

  • Али Акар Университет Мугла Сыткы Кочмана
  • Утебеков С. Университет Мугла Сыткы Кочмана

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.12
        81 75

Аннотация

Мақалада ислам дінінің түркі әлеміне кең таралуына және түркі тілінің дін тіліне айналуына үлкен үлес қосқан Ахмет Ясауидың басты еңбегі Диуани хикметтің Көкшетау қаласынан табылған нұсқасының тілдік ерекшеліктері сараланады. Қолжазбаның қай кезеңде жазылғанын болжаумен қатар хикметтердің тілдік ерекшеліктеріне тән көрсеткіштерді сипаттау мақсатында түрікшенің әртүрлі кезеңдерінде жазылған ескерткіштерінің тілімен морфонологиялық жақтан салыстырылады. Морфонологиялық жақтан талдау әдісі тіліміздің тарихи кезеңдерін, даму сатыларын, қалыптасу ерекшеліктерін тануымызға мол мүмкіндік береді. Әрі қазақ ғылымында бұл бағытта қолға алынған материалдардың тапшы екенін ескерсек, бұл мақала кейінгі зерттеулер үшін дереккөзі бола алады деуге негіз бар. Негізгі нысанымызға айналып отырған қолжазба жазу емлесі жағынан орта ғасырлық түркі ескерткіштерінен аса айырмашылық байқалмайды. Жалпы орта ғасырлық ескерткіштерде араб әліпбиінің түркі тілдеріне негізделген түрін қолданған десек те бұл жазу түрі кейбір дыбыстарымызды тануымызға мүмкіндік бермей жатады. Сонда да болса мақалада түркологияда қалыптасқан кейбір әдістер мен жүйелерді негізге ала отырып ескерткіштердің фонетикалық, морфологиялық бірліктері мен тұлғаларын нақты көрсету мақсат етілді. Нәтижеде хикметтердің кейбір қыпшақ және оғыз тілдеріне тән көрсеткіштерді есептемесек, тілдік ерекшеліктері жағынан түрікшенің шағатай дәуірінде жазылған еңбектерінің тіліне өте ұқсас екені дәлелденді. Түйін сөздер: Ахмет Ясауи, Көкшетау нұсқасы, морфонология, қолжазба.

Жүктелулер

Как цитировать

Акар, А., & С., У. (2020). Диуани Хикметтің морфонологиялық сипаты (Көкшетау нұсқасының негізінде). ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 93(2), 107–115. https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.12

Шығарылым

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ