Халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыс және жаңа әлемдік тәртіп: Қытай дәуірі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.04
        83 57

Аннотация

Халықаралық қатынастарда соңғы уақыттарда қалыптасып отырған жағдай әлемдік тәртіп мәселесін қайта қарау керектігін күн тәртібіне қойып отыр. Халықаралық қатынастардағы жаңа тәртіптің бәрі ірі соғыстар, экономикалық дағдарыстар мен ұзаққа созылған күштер арасындағы тартыстардан шаршаған кезде, жалпы адамзаттың көп бөлігіне ортақ келісімдерге келу негізінде орнаған еді. Бірақ, COVID-19 ешкім күтпеген жаңа сценарий ұсынып отыр. Әрине, коронавирус пандемиясы да соғыс, биологиялық соғыс деген алыпқашпа көзқарастарды айтып жүргендер жеткілікті. Бірақ бұл көзқарастың әлі де болса еш ғылыми негізі жоқ. Пандемиядан кейінгі уақытта әлемдік тәртіпке көп өзгерістер келетіндігін барлығымыз мойындап отырмыз. Бірақ, жаңа әлемдік тәртіптің ендігі көшбасшысы кім? Бұл сұрақтың жауабына байланысты әр түрлі көзқарастар жеткілікті, бірақ бір нәрсе анық – ешбір мемлекет заманның жаңа сын-қатерлеріне жалғыз өзі төтеп бере алмайды. Барлық мемлекеттер бірлесе жұмыс атқаруы керек. Дегенмен, Қытай Халық Республикасы сияқты «сыртқы саясаттағы негізгі ұстанымы ешкіммен одақтаспау» болып келетін мемлекеттердің ендігі қадамдары қандай болмақ? Халықаралық қатынастардағы орын алып отырған экономикалық дағдарысты зерделеуде объективтілік принципі, халықаралық қатынастарды зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде жүйелік тәсілі, мемлекеттердің сыртқы саяси-экономикалық қатынастарын зерттеуге бағытталған тарихи-сараптамалық әдіс пайдаланылды. Түйін сөздер: жаңа әлемдік тәртіп, әлемдік дағдарыс, COVID-19, Қытай Халық Республикасы, Батыс-Шығыс бәсекелестігі. 

Жүктелулер

Как цитировать

Д., Ж., С., Д., & М., А. (2020). Халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыс және жаңа әлемдік тәртіп: Қытай дәуірі. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 93(2), 34–41. https://doi.org/10.26577/JOS.2020.v93.i2.04

Шығарылым

Бөлім

ТАРИХ