Особенное место «Шелкового пути Сахары» в развитии казахской культуры

Авторлар

  • Ж Зейнолла Орталық Азия зерттеу институтының директоры
  • Нан Мың Шыңжаң университеті ҚХР,
        46 56

Аннотация

Тарихта бастауын Қытайдан алып, Орталық Азия жерін көктей өтіп, Еуропа елдерімен халықаралық сауданың өрістеуіне өлшеусіз әсер еткен Ұлы Жібек жолының біздің қазақ жері мен мәдениетінің дамуында ерекше орны болды. Сондай-ақ, Орталық Азия халықтарын басқа өңірлермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарып тұрды. Сахара Жібек жолы сілеміндегі мәдениеттер ерекше айқын орында көрініп, ұлттық бояуын бұзбаған қазақ этнография мәдениеті тағы да бір рет әйгіленеді. Әрқандай заттың дамуы түзу сызық бойынша ілгерілеп отырмайды. Сол сияқты «Жібек жолы» саудасы да бірде – өрлеп, бірде – баяулап, кейде тіпті үзіліп қалып отырған. Сол бір жаугершілік замандарда «Жібек жолы» бойында да талай-талай соғыс іздері қалған, кейін адамзат бұрынғы тіршілігін қайта қалпына келтіріп отырған. Дәл сол сияқты «Жібек жолы» саудасының екінші бір дәурендеген кезі – біздің заманымыздың VI-ХІІ ғасырлары, яғни еліміздің Таң дәуіріне тура келеді.
Қазақстан дербес мемлекет болып құрылған кезден бастап Ұлы Жібек жолының үлкен іздеушісі болып отыр. Бүгін мен ертеңді тоғыстырған Сахара Жібек жолы әлемдік өреге көтеріліп жаңаша көрініспен қытай-қазақ мәдениетін әйгілейді.

Жүктелулер

Как цитировать

Зейнолла, Ж., & Мың, Н. (2018). Особенное место «Шелкового пути Сахары» в развитии казахской культуры. ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы, 81(2), 42–46. вилучено із https://bulletin-orientalism.kaznu.kz/index.php/1-vostok/article/view/1023

Шығарылым

Бөлім

ТАРИХ