Шағатай тілі және оның даму кезеңдері

Авторы

  • З Шадқам Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Б Базаркулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ключевые слова:

Орта ғасыр, шағатай тілі, Орта Азия

Аннотация

Соңғы жылдары елбасымыздың қолдауымен мәдени мұра бағдарламасы шеңберінде Қазақ елінің тарихына қатысты деректерді әлемнің түкпір-түкпірінен жинап әкеліп, оларды зерттеу үшін үлкен қаражат бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр.  Сол деректердің көп бөлігі ұзақ жылдар бойы қазақ халқы үшін бейтаныс болып қалған шағатай тілінде жазылған. Біз бұл мақалада шағатай тілі туралы жазылған  түркиялық ғалым проф. М. Арғуншаһдың «Шағатай түрікшесі» атты еңбегіне сүйене отырып, шағатай тілінің қалыптасуы туралы мәлімет беруге тырысамыз. Себебі орта ғасырлардан бастап ХХ ғасыр басына дейін ата-бабаларымыз қолданған тілді білу дегеніміз өз тарихымызды аудармалардан емес шағатай тіліндегі түпнұсқалардан  оқып білу, бұның қазіргі кезеңде  қазақтың ұлттық санасының дұрыс қалыптасуында, тарихымызды өзгелерден емес түпнұсқадан білуде маңызы өте зор. Сондықтан бүгінгі таңда шағатай тілінің тарих, қазақ филологиясы, шығыстану, түркітану мамандықтарында міндетті пән ретінде оқытылуы қажет екендігін қабылдау керек деп ойлаймыз. 

Библиографические ссылки

1. Argunşah M. Çağatay Türkçesi, Kesit yayınları, - Ankara, 2013.- 381 б.
2. Eckmann J., çeviri: Prof. Dr. Karaağaç G. Çağatayca El Kitabı, Kesit yayınları, - Ankara, 2012. - 316 б.
3. Kafalı M. Çğatay Hanlığı(1227-1345), Berikan yayınevi. – Ankara, 2005. - 389 б.
4. Teres E. Çağatay Türkçesi (dilbilgisi ve metin çalışmaları), Sürat yayınları, -İstanbul, 2013. - 224 б.

Как цитировать

Шадқам, З., & Базаркулова, Б. (2016). Шағатай тілі және оның даму кезеңдері. Вестник КазНУ. Серия Востоковедения, 74(4). извлечено от https://bulletin-orientalism.kaznu.kz/index.php/1-vostok/article/view/773