ҚАЗАҚСТАН МЕН СИНГАПУР АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ: ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JOS202511214Аннотация
2024 жылы Қазақстан мен Сингапур екіжақты қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Осы жылдар ішінде елдер сенім мен өзара құрметке негізделген берік және сенімді қарым-қатынастар құрды, бұл жалпы тұрақтылықты көрсетеді. 1993 жылдан бері Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты қарым-қатынаста институционалдық байланыстарды нығайтуда және экономикалық байланыстарды кеңейтуде бірнеше елеулі өзгерістер болды. Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы байланысты нығайтудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Екі ел де стратегиялық географиялық орынға ие және өз экономикаларын әртараптандыруға ұмтылуда, бұл өзара тиімді серіктестік үшін берік негіз жасайды.
Бұл мақалада осы елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастардағы негізгі оқиғалар мен екіжақты мемлекетаралық қатынастардың экономикалық салада қалай өркендегені сипатталған. Авторлар екі елдің бірлескен экономикалық жобалары мен олардың арасындағы сауда-саттықты мемлекеттік құжаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарын талдау арқылы бағалауға тырысты.
Түйін сөздер: Сингапур, Қазақстан, екіжақты қарым-қатынастар, экономикалық байланыстар.