KAZAKHSTAN AND CHINA: FOREIGN POLITICAL PRIORITIES OF KAZAKHSTAN AND THE RELEVANCE OF CHINA
Abstract
Аталмыш мақалада Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен республикамыздың
сыртқы саясатындағы Қытайдың рөлі қарастырылады. Берілген мақалада әлемдік қауымдастық
қарым-қатынасындағы Қытай саясатының тәжірибесі және оның экономика саласындағы және
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы сияқты одақтың аясындағы, аумақтық қауіпсіздіктегі іс-әрекеті
жалпылама қарастырылған. Қазіргі таңдағы жаһандану үрдісіндегі, Қытайдың әлемдегі екінші
ұлы держава ретінде дамуының негізгі бағыттарын анықтайтын, сыртқы саясатының тұрақты
концепциясы қарастырылған. Сонымен қатар, АҚШ, ЕО және Ресеймен жүргізілетін сыртқы
саясаттағы әдістері, сондай-ақ басты державалармен саяси-экономикалық және қаржылық
қарым-қатынастарының кеңеюі сарапталады.