Тіл ғылымы – ғылымдардың бастауы

Авторлар

  • А B Salkynbay Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

әл‑Фараби, сөз, тіл, фарабитану, ғылым классификациясы

Аңдатпа

Мақалада Шығыстан шыққан әлем ғұламасы Әбу Насыр Әл‑Фарабидың тіл білімі мен сөзге қатысты айтқан ғылыми тұжырымдары ғылыми тұрғыдан зерделенеді. Ғұламаның “Ғылымның шығу тегі туралы” еңбегіндегі кез келген ғылым саласының бастауы өз ойын жеткізе білуден, оқу мен оқытудан, сұрау мен жауап алудан басталатынын  тіл туралы ғылым дегені талданып, қазіргі ғылыми жетістіктер тұрғысынан Әл‑Фарабидың атап көрсеткені тіл білімінің «тіл философиясы», «грамматика», «когнитивті тіл білімі» мен «функционалды тіл білімін» немесе лебіздің (речь) құрылымын зерделеуді меңзейтіндігі талданады.    

  Мақалада “Слово о классификации наук” атты трактатындағы ғылымдардың талдануы, Әл‑Фарабидың тіл және оның тараулары туралы ғылымды ерекше көрсететіні зерделеніп, оған терең мән беріледі. Тіл – адам баласының қоғамда өмір сүруінің басты кепілі болғандықтан, оған қашанда терең мән берілгені айқындалып, адам баласы өзінің жалпы болмысында, қоғамда өмір сүруінде, өзге ғылым салаларын игеруде алдымен тілге мұқтаж екендігі көрсетіледі. Адам сөйлеу арқылы ойлайды, ойлау арқылы сөйлейді. Сөйлеу мен ойлау бар жерде  – адам бар. Ойлауы мен сөйлеуін басқара алған кісі – толық адам, кемел адам деген тұжырым жасалады.

Жүктеулер