Cooperation between China and Central Asian countries in the field of religious security

Authors

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.05
        94 79

Abstract

Ауғанстандағы соңғы оқиғалардан кейін Орталық Азия елдері де басқа елдер сияқты  сыртқы саясатын өзгертуге мәжбүр болды. Ауғанстандағы тәліптердің билікті басып алуы аймақтағы қазіргі жағдайға әсер етпей қоймады. Бір жағынан Орталық Азия аймағында бірқатар жергілікті проблемалар болса, екінші жағынан ықпалды ойыншылар үшін күрес алаңы болып табылады. Қытай аймақтағы ықпалын барлық салада арттыруды көздесе, Ресей аймақтағы әлсіреген ықпалын қалпына келтіру үшін аймақтағы жаңа геосаяси ойындарды пайдаланбақ. Осыған байланысты Орталық Азия елдері Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы сияқты өздеріне көршілес елдермен аймақтағы өзара қарым-қатынастар үшін жаңа бірлескен жауапкершілікті анықтауы қажет. Мақаланың негізгі мақсаты – Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы діни қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың қиындықтары мен ортақ мүдделерін анықтау және одан әрі дамытудың өзара тиімді тұжырымдамаларын белгілеу.

Қытай Халық Республикасы үшін Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау өте маңызды. Аймақтағы тұрақтылықты сақтау тек экономикалық мүдде тұрғысынан ғана емес, мемлекеттің ішкі тыныштығын бұзбау үшін де қажет. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында мұсылман халықтарының болуы, оның ішінде орталық билікке қарсы оппозияцияның болуы, оның ықпал ету аймағына тым жақын Ауғанстан Ислам мемлекетінің құрылуы, сонымен қатар олардың тарихи, этникалық және ең бастысы, діни бірлігі Қытай үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қытай басшылары Орталық Азия аймағын діни экстремизм мен радикалды ағымдардың өз аумағына енуіне жол бермеу үшін қалқан «буфер» ретінде пайдаланбақ. Бұл екіжақты қарым-қатынаста да, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы көпжақты қарым-қатынаста да діни қауіпсіздік саласындағы басты мақсаттардың бірі.

Downloads

How to Cite

Zhekenov, D., Jakubayeva, S., Sarybayev, M., Utkelbay, R., & Zhetpisbayeva К. (2021). Cooperation between China and Central Asian countries in the field of religious security. Journal of Oriental Studies, 99(4), 46–55. https://doi.org/10.26577/JOS.2021.v99.i4.05

Issue

Section

POLITICS AND INTERNATIONAL RELATIONS OF ASIAN AND AFRICAN COUNTRIES