«КИТАБ МҰҚАДДИМА» ИНТЕРЛИНИЯЛЫҚ ҚОЛЖАЗБАСЫНДАҒЫ АРАБ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS201194626

Аңдатпа

Мақалада Ыстамбұл қаласының Сүлеймание кітапханасындағы Ayasofya топтамасында MS 1451 шифрымен сақталған Әбу әл-Ләйс әс-Самарқандидің екі тілді «Китаб Муқаддима» қолжазбасының мәмлүк-қыпшақ тіліндегі жолдарында араб лексикасының прагматикалық бейімделуі қарастырылады.

Зерттеудің өзектілігі аталған қолжазбаның араб діни терминдерінің түркітілді ортаға лексикалық тұрғыда ауысуын ғана емес, исламдық нормативті мәтіннің қыпшақ тілінде ойланып, білім алатын реципиентке прагматикалық бейімдеу тетігін де анықтауға мүмкіндік беруімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – «Китаб Муқаддима» қолжазбасындағы исламдық нормаларды репрезентациялаудың лингвистикалық механизмін айқындау. Зерттеу материалы ретінде қолжазбаның араб тіліндегі жолдары мен қыпшақ глоссалары бар фрагменттері алынды.

Зерттеуде мәтінтанулық сипаттау, семантикалық-прагматикалық талдау, салғастыру әдістері, сондай-ақ концептуалдық модельдеу элементтері қолданылды. «Namaz qylyñ», «zekat beriñ» императивті конструкциялары мен فرض (міндет, парыз), دعاء (дұға), غيب (ғайып), جنّة (жәннат), ذكر (зікір), شر / خیر (жақсылық пен жамандық) лексемалары талданды. Аударманың мәтін мазмұнын жеткізумен және діни терминдерді түсіндірумен ғана шектелмей, мәмлүк-қыпшақ тіліндегі жолда түркітілді реципиентке бағдарланған діни нормалардың тілдік моделін қалыптастыратыны анықталды. Араб мәтініндегі екінші жақ көпше түрдегі бұйрық рай етістік формаларының қыпшақ тіліндегі qyl және ber етістіктерінің көмегімен жасалған екінші жақ көпше түрдегі бұйрық рай формасындағы аналитикалық тіркестермен берілуінің мәні ерекше. Мұндай грамматикалық сәйкестік діни нұсқаудың қауымдық бағытталуын сақтай отырып, оны түркі тіліндегі нақты әрекет модельдері арқылы жеткізеді. Нәтижесінде исламдық норма жалпы діни қағида ретінде ғана емес, доктриналық мағынаға практикалық әрекет формасында берілетін қауымдық мәні бар нұсқау ретінде де көрінеді. Зерттеудің практикалық маңызы – ұсынылған үлгіні ортағасырлық түркі ислам жазба ескерткіштерін, діни терминологияны және араб-ислам дискурсының мәдени бейімделу механизмдерін сипаттауда қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

Түйін сөздер: теолингвистика, «Китаб Муқаддима», прагматикалық бейімдеу, діни дискурс, императивтік құрылымдар.

Автор өмірбаяны

  • У.Е. Кенжебаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    Кенжебаева Улпан Ермаханбетовна – гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Лингвистика» мамандығы бойынша докторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі (Алматы, Қазақстан, e-mail: uli.05@mail.ru). 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-31

Журналдың саны

Бөлім

ШЫҒЫС ДЕРЕКТАНУЫ