Жаһандану дәуіріндегі түркілік рухани құндылықтарды жаңғыртудың өзекті мәселелері

Авторлар

  • Б. М Аташ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • A. A Куранбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • С K Турганбеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

Тюркские духовные ценности, возрождение, тюркский дух, духовность, человеческое развитие,

Аңдатпа

Мақалада түркі дүниесінің рухани құндылықтарының жаңғыруы мәселесі байыпталады. Авторлар рухани құндылықтар даму үдерісінің теориялық- методологиялық негіздерінұсынып, оларды жүзеге асырудың практикалық аспектілерін одельдейді. Сонымен қатар мақалада жаһандану аясындағы түркілік бірегейліктің даму стратегиясы мен Қазақстан мәдениетініңәлемдік өркениет векторларына енгендігі дәйектелген. Жаһандану жағдайына және әлемдік біртұтас ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына,нарықтық қатынасқа көшуге, жаңа мемлекеттілік жағдайының қалыптасуына байланысты түркілік интеграцияның рөлі мен мәніартып отыр. Оның себебі, бүкіл түркі халықтарына ортақ тарих, тіл мен дәстүр жалпытүркілік қатынастарды өзекті және мәнді ете түсуде. Заманауи геосаяси және өркениетаралық интеграция жағдайында көнетүркілік ортада қалыптасқан, түркі халықтарын біріктіруге мүмкіндік беретін жәнежаһандану аясында түркі әлемінің бағдары болатын, әлеуметтік- мәдени және идеологиялық қалыпта еңсерілген және бейімделген инновация мәселесі өте маңызды болып тұр.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-11-26