ХХ ғ. Алжирдегі еркін өлеңнің көркемдік ерекшеліктері
Кілт сөздер:
Алжирдегі араб тілді поэзия, қасыда, лирикалық кейіпкер, Мағриб әдебиеті, еркін өлеңАңдатпа
Мақала Алжирде ХХ ғ. екінші жартысында пайда болып тарай бастаған әдеби құбылыс – еркін өлеңге арналған. Жаңа әдеби форма авторлардың дәстүрлі қасыдаға тән қатаң талаптардан еркіндік алуына мүмкіндік бере отырып Алжирдегі арабтілді поэзия жанрының эволюциясы жолында тың кезең болып қалыптасты. Алжир еркін өлеңі поэтикасының көркемдік ерекшеліктері осы зерттеудің пәні болып табылады. Автордың аудармасындағы мәтіндерге жасалған әдеби талдаулар негізінде Aлжир ақындарының шығармасындағы метафора, образдар жүйесі және лексика қолданысының жиілігі қарастырылады. Сондай-ақ мақалада еркін өлеңнің эволюциясының даму кезеңдері - пайда болуынан бастап ХХІ ғ.басына дейін қарастырылады.










