Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фарабидің морфология (жіктелу) бойынша қасидасы және оған жасаған түсіндірмесі
Кілт сөздер:
Қауам ад-дин әл-Итқани, қасида, араб тілі, морфология, қолжазба, маржандарАңдатпа
Қазақ жерінен шыққан дін оқымыстысы Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фарабидің (1286-1357) «әл-Қасида маусума би лалали әл-масунат фи сарф уа шархһа» атты туындысы алғаш рет Италияның Флоренция кітапханасында сақталған қолжазба негізінде талданып отыр. Ғалым бұл шығармасында Ибн әл-Хажибтің (1174 - 1249) «Кәфия» атты еңбегіндегі араб тілінің морфология қағидаларын өлеңге айналдырып, одан әрі өз қасидасын қара сөзбен түсіндірген.Мақалада қолжазбаға сипаттама беріліп, оның тақырыптары, қасиданың араб поэзиясы өлшемі тұрғысынан сараланады, көркемдік тіл кестесінен мысалдар келтіріледі.










