Каирдегі араб тілі академиясының «Үлкен сөздігі» А.Фишердің араб тілінің тарихи сөздігінің альтернативасы ретінде
Кілт сөздер:
лексикография, тарихи сөздік, диахрондық әдіс, дәйектеме материалАңдатпа
Мақалада араб тілінің тарихи сөздігін құрастыру жолында атқарылған алғашқы қадамдары жайында сөз етіледі, араб тарихи лексикографиясының көкейкесті мәселелері, араб тілінің алғашқы тарихи сөздіктері, қайнар көздерді таңдаудағы және дәйектеме материалды орналастырудағы жаңа әдістер жөнінде айтылады.










