Информатика жүйесінің термин жасауында қолданылатын калькалау және материалды кірме сөздер тәсілі туралы
Кілт сөздер:
Кірме сөздер, калькалау, калька, термин, шетелАңдатпа
«А» тілінен араб тіліне енген терминдерді бірқатар араб зерттеушілері қарастырған. Араб терминологиясында кірме сөздер «التعريب» (ауд. арабтандыру) ретінде қабылданады, лексикалық бірлікте болатын өзгеріс дәрежесіне сәйкес «دخيل» және «معرّب» болып екіге бөлінеді. Бұл мақалада кірме сөздерге толық классификация жүргізіліп, нәтижесінде информатика саласы бойынша ең тиімді әдістер анықталады.










