Қытай тіліндегі дағдылы тіркестердің қалыптасуы
Кілт сөздер:
қытай тілі фразеологизмдері, гуань юн юй - дағдылы тіркестерАңдатпа
Мақала қолданылу аясы мен саны қытай тіліндегі фразеологиялық бірліктердің ешбірінен
кем түспейтін, алайда аз зерттелгендіктен тиісті бағасын ала алмай отырған дағдылы
тіркестерге арналған. Гуань юн юй – дағдылы тіркестер қытайлықтардың дүниетанымынан хабар
беретін маңызды тілдік құбылыс ретінде қытайлық лингвист ғалымдардың назарын өзіне
соңғы жылдары ғана аудара бастады. Ертеректе жазылған еңбектерде дағдылы тіркестер түрлі
фразеологиялық бірліктердің қатарына жатқызылып, тасада қалып келді. Мақалада қытай
тілі фразеологизмдерінің ішіндегі негізгі фразеологиялық бірліктердің бірі – гуань юн юй - дағдылы
тіркестердің шығу тарихы мен қалыптасу үдерісі қарастырылған.










