«әт-Та’рииб» араб тілінің арнайы лексикасын байытушы әдіс ретінде (ақпараттық технологиялар тілінің материалдары негізінде)

Авторлар

  • А А Mustafayeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Кілт сөздер:

Арабтандыру, кірме сөздер, әт-Таариб, әт-Та’рииб, термин.

Аңдатпа

Әт-Та’рииб (немесе әт-Таариб) «әл-Иштиқақ», «ән-Нахт» сияқты араб тіліндегі лексикалық  бірліктердің жасалу әдістерінің бірі болып табылады. «Әт-Та’рииб» араб термині «кірме сөздер» терминіне сәйкес және термин жасау әдістерінің де бірі.  Аталмыш термин «‘арраба» - арабтандыру
етістігінің масдары. Бұл әдіс жалпы тілде де (әл-Луғату әл-’Амма),  арнайы тілде  де (әл-Луғату
ал-Хасса) кең таралған. Мақалада ағылшын (американдық  нұсқасы) тілінен енген  және алі де
еніп жатқан кірме терминдер көп шоғырланған ақпараттық технологиялар терминологиясының  аясындағы «ат-Та’рииб» әдісі қарастырылады.

Жүктеулер