ИБН ӘЛ-ӘСИРДЫҢ «ӘЛ-КӘМИЛ ФИТ-ТАРИХ» ЕҢБЕГІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАТЫСТЫ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ТРАНСЛИТЕРАЦИЯСЫ
Кілт сөздер:
«әл-Камил фит-Тарих», В.Г. Тизенгаузен, П.Г. Булгаков, топонимдер.Аңдатпа
Орта Азия, соның ішінде Қазақстанның орта ғасырлардағы елді мекендері туралы бірегей ақпараттарды біз қытай, араб, парсы жазба деректерінeн аламыз. Осындай деректердің ішінде араб тіл- ді қолжазбалардың орны ерекше. Себебі олардың кейбіреулері арнайы сапар жасап, өз көрген-білгендерін қағазға түсіріп отырған саяхатшы, географтардың жинақтаған мәліметтері болса, енді бі-
реулері естіген, не өздеріне дейінгі деректерге сүйенген тарихшы-лардың ақпараттары.
Бұл шағын мақалада араб тарихшысы Ибн әл-Әсирдың «әл-Кәмил фит-Тарих» атты еңбегінде кездесетін Қазақстанға қатысты топонимдердің араб, орыс және қазақ тілдеріндегі нұсқалары, олар-
дың транслитерациясы жайлы мәселе көтеріледі.










