Түркілердегі «төре бітік » заңдар жинағының тарихи- лингвистикалық сипаты
Кілт сөздер:
төре, бітік, «төре бітігі », жарғы, жарғышы, төрелік, жазба ескерткіш, армян- қыпшақ, заң, құқықтық норма.Аңдатпа
Қазақ тілі – көне қыпшақ тілінің тікелей мұрагері болып табылатындықтан, тіл тарихын зерттеуде
ортағасырлық армян жазуы бар қыпшақ ескерткіштерінің алатын орны ерекше екендігін ғалымдар
зерттеу еңбектері арқылы дәлелдей түсуде. Сол себепті, бабалардан қалған жазбалардың жауһары
болып есептелінетін – «Төре бітігі » секілді ескерткіштерді қарастыру қолға алынған. «Төре
бітік » жазуы өз заманындағы қыпшақтар өмірінде маңызды орын алған әлеуметтік, шаруашылық,
саяси, әкімшілік, отбасы, сауда- саттық, қылмыстық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы саналады. Онда қылмыскерлерге жаза қолдануға байланысты нормалар мен қазіргі қазақ тілінде қолданыста жоқ көптеген заңға қатысты терминдер орын алған. Мысалы: төреші, жарғышы (судья), жақсылар алқасы (присяжные заседатели), төре (заң, құқықтық норма, жеке және заңды қарастыратын тұлғалардың құқығы) т.б. ескерткіште төреліктің антқа негізделе жүргізілетіндігі, ант ішудің қалай өтетіндігі жазылған.










