ПОСТКЕҢЕСТІК ЕЛДЕРДЕН ЖАПОНИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН НЕКЕ МИГРАЦИЯСЫНЫҢ МОТИВТЕРІ: ГЕНДЕР, МИГРАЦИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕ ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАҒЫТТАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS201194326

Аңдатпа

Неке мигранттарының мотивтері осы уақытқа дейін зерттелген жұмыстарда экономикалық мүдде басымдыққа ие. Халықаралық неке мигранттарының бейнесі – дамушы елдерден дамыған елдерге экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында баратындар. Зерттеу жұмысының мақсаты – посткеңестік мемлекеттерден Жапонияға бағытталған неке миграциясының мотивтерін талдап, қазіргі кезде қалыптасқан тенденцияны анықтау. Зерттеудің эмпирикалық негізін посткеңестік елдерден келген жапон азаматтарымен отбасын құрған, Жапонияда кемінде бір жыл тұрған неке мигранттарымен (25–45 жас) жүргізілген жартылай құрылымды сұхбат құрайды. Қосымша Жапонияда тұрып жатқан орыс тілді неке мигранттарының әлеуметтік желідегі ашық қолданыстағы дереккөздеріне контент-анализ қолданылды. Сонымен қатар Жапониядағы посткеңестік елдерден келген неке мигранттарын зерттеген ғалымдардың еңбектері жинақталып, шолу жасалды. Методологиялық талдау негізі ретінде интерсекционалды тәсіл пайдаланылды. Бұл тәсіл мигранттардың мотивтерін гендер, миграциялық және құқықтық мәртебе, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, білімі және мәдени капитал қиылысында қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде неке миграциясының мотивтері миграцияға дейінгі және миграция кезінде қабылданған стратегиялар жиынтығы екені анықталды. Респонденттердің бір бөлігі үшін халықаралық неке тұрақтылыққа ұмтылыс, құқықтық мәртебесін заңдастыру болса, екінші бір бөлігіне туған елінде қалыптасқан гендерлік шектеулер мен нормалардан шығу, тең құқылы отбасылық қатынасқа ұмтылу, сонымен қатар Жапонияға қатысты мәдени қызығушылық некеге тұру мен көшуге шешім қабылдауда шешуші рөл атқарған екен. Қорытындылай келгенде, неке миграциясын бір фактормен түсіндіретін біртұтас миграциялық әрекет ретінде емес, халықаралық мобильділік стратегиялары мен өмірлік ұстанымдарының өзгерісімен байланысқан күрделі әлеуметтік феномен ретінде қарастыру қажет екені анықталды. Зерттеу жұмысының құндылығы – неке мигранттары мотивтерінің трансформациясы көрсетілген. Практикалық маңыздылығы – зерттеу жұмысында посткеңестік елдерден келген неке мигранттарының көшу себептері ауқымды уақыт аралығында қамтылған, сол себепті осы зерттеу тақырыбы бойынша тарихнамалық шолу барысында қолдануға ұсынылады.

Түйін сөздер: неке миграциясы, Жапония, посткеңестік елдер, мигранттар, гендер, миграциялық мәртебе, миграция мотивтері.

Автор өмірбаяндары

  • А.М. Нурелова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан

    Нурелова Асия – «8D02207 – Шығыстану» мамандығының 2-курс PhD докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: nurelova_assiya1@kaznu.edu.kz).

  • T. Ниномия, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан

    Ниномия Такаши, PhD – Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының доцент м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: s0430062.ninomiya@gmail.com).

Жарияланды

2026-10-31

Журналдың саны

Бөлім

ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ