АРАБ ҚОЛЖАЗБА ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚАРУ-ЖАРАҚТАРДАҒЫ САКРАЛДЫ МӘТІНДЕР (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ КОЛЛЕКЦИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Ш.С. Калиева Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан
  • Ж.М. Белтенов Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/JOS202611835

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің «Қару-жарақ және қорғаныс жабдықтары» коллекциясында сақталған қару-жарақ үлгілеріндегі араб графикасымен жазылған сакралды мәтіндерді деректанулық және эпиграфикалық тұрғыдан зерттеуді мақсат етеді. Қордағы мыңнан астам қару-жарақ арасынан арнайы таңдалған бірегей жәдігерлер тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Араб жазуы бар артефактілер қазақ жеріндегі ислам мәдениетінің бұған дейін арнайы зерттелмеген жаңа қыры – қару-жарақ дәстүріндегі көрінісін сипаттайтын құнды дереккөздер саналады. Музей қорындағы қару-жарақтарда жазылған Құран аяттары, дұғалар, апотропеикалық мәтіндердің мазмұнын анықтау, оларды қазақ тіліне аудару, мәтіннің жазылу мақсаты мен тақырыбын айқындау, түрлі соғыс және қорғаныс құралдарындағы қолданылу ерекшеліктерін талдау – осы мақалада қолданылған зерттеу әдістері мен тәсілдерін көрсетеді. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде араб графикасымен жазылған мәтіндердің үнемі араб тілінде және діни мазмұнда бола бермейтіні анықталды. Сонымен қатар қару-жарақтағы жазу сакралды, қорғаныштық мақсаттан тыс ақпараттық, меншік белгісі, әскери немесе әлеуметтік мәртебе көрсеткіші сияқты қосымша қызмет атқарғаны айқындалды. Зерттеу нәтижелері ислам діні мен араб жазуының таралу географиясын, сондай-ақ олардың мәдени, әлеуметтік және этнографиялық қызметтерінің ерекшеліктерін нақтылауға мүмкіндік береді. Қару-жарақтарда араб графикасымен жазылған мәтіндерге жасалған талдау араб-мұсылман өркениетінің шығыс халықтарының рухани және материалдық мәдениетіне ықпалын айқындау арқылы осы саладағы алдыңғы зерттеулердің мазмұнын тың тұжырымдармен байытады. Мұнымен қатар осы тектес эпиграфикалық және заттай дереккөздерді тарих, тіл білімі, исламтану, этнография және мәдениеттану тоғысындағы пәнаралық әдістерді қолдана отырып зерттеу шығыстану ғылымының деректанулық маңызын арттыра түседі.

Түйін сөздер: эпиграфика, араб қолжазба дәстүрі, қару-жарақ, Құран, сакралды мәтін, араб-мұсылман өркениеті, араб графикасы.

Автор өмірбаяндары

  • Ш.С. Калиева, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    Калиева Шынар Саяхатовна – доцент, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті.

  • Ж.М. Белтенов, Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы, Қазақстан

    Белтенов Жасулан Мазулаевич – ҚР Ұлттық орталық музейі, Музейлік деректану және кітапхана бөлімінің жетекшісі.

Жарияланды

2026-09-08

Журналдың саны

Бөлім

ШЫҒЫС ДЕРЕКТАНУЫ