Мультикультурaлизм по-корейски: трудности aльтернaтивных СМИ
Аңдатпа
Оңтүстік Корея мультикультурализмнің барлық пікір-таластарында ерекше орынға ие, өйткені ол әлемдегі нағыз біртекті этникалық мемлекеттердің бірі болып табылады. Оңтүстік Кореяның ақпараттық құралдарында мемлекеттік телеарналар көптеген бағдарламаларды таратып жатқанына қарамастан, мигранттар туралы ақпаратты жеткізудің басты сипаты – жанашырлық және аяушылық сезімдер болып табылады. Осының салдарынан наразылық туып, Корей мемлекетінің дамуына зор үлес қосатын мигранттық жұмыс күшін Корей қоғамының мүшесі ретінде көрсеткісі келеді. Автор Кореядағы мигрант-жұмысшылардың құраған ақпараттық құралдары - мигранттар қоғамының, сонымен қатар Корей қоғамының біріктіруші құралы болып табылатындығын жеткізгісі келеді. Қарастырылып отырған мәліметтердегі шектеулер мигранттарды және жалпы некелі мигранттарды келешекте зерттеуге жаңа бағыттар ашады.










