Формирование имиджа Японии в Центральной Азии
Аңдатпа
Қазіргі кезеңде Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы
қарым-қатынастардың қарқынды дамуын байқауға болады. Және
бұл, тараптар арасындағы серіктестіктің саяси-дипломатиялық,
сауда-экономикалық, мәдени және білім беру салаларын қамтиды.
Жапондық компаниялар белсенді түрде шаруашылық-экономикалық
дамудың түрлі салаларына инвестициялар құюда, әсіресе, табиғи
ресурстарды барлау және энергетиканы өндіру саласында. Сонымен
қатар, Жапонияның заманауи технологиялар мен адам ресурстарын
дамыту саласындағы бай және алдыңғы қатарлы тәжірибесін ескерген
жөн. Жалпы, Жапония мен Орталық Азия елдері арасында ешқандай
үлкен қайшылықтар мен даулы мәселелер жоқ. Ештеңе де белсенді
өзара ынтымақтастыққа шек қоймайды. Жапония бұл аймақта оң
имиджге және жоғары дәрежелі сенімге ие. Осы мақалада Жапония
оң имиджін қалыптастыруға үлес қосқан оның Орталық Азиядағы
саясаты қарастырылады.










